ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

Мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту

Мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту

Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыты – мемлекеттік тілді меңгерту міндетін облыста 12 тілдерді оқыту орталығы жүзеге асырып жатыр. 2017 жылы облыстағы оқыту орталықтарының базасында 3709 адам мемлекеттік тілді оқуға тартылды. Оның 1133-і мемлекеттік қызметші, 1712-і бюджеттік мекеме қызметкері және «Тілашар» курсын тартылған 864 қала тұрғыны.
Тілді қашықтан оқытуға негізделген «Учимся говорить по-казахски» сайты (kazcenter.kz) арқылы 3200 адам қарапайым деңгейде тіл үйренуде.
Бұған қоса облыстағы қазақ тілінде білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде 1,5 мыңнан астам өзге ұлт өкілі қазақша білім алып жатыр.
Мемлекеттік бағдарламада белгіленген нысаналы индикатор - мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде анықтау. Бұл мақсатта жыл сайын «ҚАЗТЕСТ» жүйесі негізінде азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау жүзеге асырылып келеді. 2017 жылы ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде өткізілген диагностикалық тестілеуге облыс бойынша 8574 адам қатысты, 613 адам ҚАЗТЕСТ-тің мемлекеттік үлгідегі сертификатына ие болды.
Мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуына баса назар аударылып келеді. Облыстағы мемлекеттік органдардың құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 2017 жылы 94,6 пайызды құрады.
Тілдерді дамыту және тілдік орта құрудың өзекті мәселелері бойынша 2017 жылы облыстық деңгейде 33 шара (5 акция, 4 айлық, 1 форум, 1 ғылыми-практикалық конференция, 2 вебинар, 3 көшпелі семинар, 2 ғылыми-әдістемелік семинар, 9 облыстық конкурс, 2 олимпиада, 4 «дөңгелек үстел» отырысы, 1 тілдік лагерь) өткізілді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің бірлескен акциялары арқылы мемлекеттік тілді көпшілікке танымал ету мақсатында, 2017 жылдың ақпан айында «Болашаққа қазақ тілімен» акциясы ұйымдастырылды. 10 күндік акцияға «Иртышцветметремонт» ЖШС, «Орика Казахстан» АҚ, «ҮМЗ» АҚ және «Өскемен жылу жүйелері»АҚ-ның, Өскемен аудандық пайдалану бөлімі, Өскемен гарнизонының Әскери полиция бөлімі қызметкерлері тартылды. Барлығы 7 топта 119 тыңдаушы қазақ тілін оқып шықты.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытындағы шаралардың ішінде қазақ тілінің қоғамдағы мақсаты мен міндеттерін этнос өкілдері арасында кеңінен насихаттауға басымдық берілді.
Облысымыздағы мемлекеттік тілді жетік меңгерген, оны күделікті қоғамдық қатынаста пайдаланып жүрген этнос жастары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған онкүндік аясында облыстық форумда бас қосып, мемлекеттік тілді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында 2017 жылдың сәуір айында «Алаш» қозғалысының 100 жылдығы аясында облыс көлемінде «Алаштың ақ жолы» атты облыстық айлығы жарияланып, оның аясында оқыту орталықтардың базасында 12 ақпараттық лездеме, 16 көрме, 2 «дөңгелек үстел» отырысы, 12 ақпараттандыру акциясы, 1 әдеби-танымдық кеш, 2 ғылыми-практикалық конференция, қазақ және ағылшын тілдерінен 24 ашық сабақ, 4 интелектуалдық сайыс, 2 әдеби-сазды кеш өткізіліп, бір мезетте оқыту орталықтарының 600 тыңдаушысы шығармшылық диктант жазды. Айлық облыс орталығында «Азаттық таңы - алштың жаны» әдеби-сазды кешпен қорытындыланды.
31 мамыр - саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні Семей қаласында «Алаш жолы – мәңгілік тілдің түп қазығы» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Басқарманың тапсырысы бойынша қазақ, ағылшын тілдерін үйренуші тұлғаларға қолдау көрсету мақсатында «Бірге үйренейік» тележобасы облыстық телеарнаның эфиріне шықты.
2017 жылдың қыркүйек айынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста тіл мәдениетін жетілдіруге арналған «Әдемі сөйле» жобасы қолға алынды. Шешендік өнерге баулуға арналған жоба аясында осы жылдың 4,6 желтоқсан күндері тіл оқыту орталықтар оқытушыларына арналған коучинг, 12,13 желтоқсанда жастарға арналған тренинг өтті.
Шығыс Қазақстанда 14 Достық үйі бар, 115 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. 11 этностың тілі оқытылады: әзірбайжан, татар, шешен, армян, кәріс, неміс, белорус, украин, орыс, еврей, түрік.
Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі мен облыстың аудан, қалаларында ұйымдастырылған этнос тілдерін оқыту үйірмелеріндегі 38 топта 702 тыңдаушы өз ана тілдерін оқуда. Жыл сайын жексенбілік мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жүргізіледі. Өз ұлтының тілі мен мәдениетін үйренумен қатар мемлекеттік тілді оқып жүрген жексенбілік мектеп тыңдаушыларын ынталандыру шарасы қолға алынған. Мәселен, 2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша өз ана тілдерін үйренуде үздік жетістікке жеткен жексенбілік мектептің 10 оқушысына тегін жолдама берілді. Олар 2017 жылғы маусымда «Аюда» демалыс базасында ұйымдастырылған «Тіл лагерінде» жазғы демалыстарын мемлекеттік тілді үйренумен ұштастырды.
Бағдарлама талаптарына сәйкес орыс тілінің мәдени қызметін сақтау толыққанды жүзеге асуда. Шетелден тарихи отанына оралған қандастарымыздың әлеуметтік ортаға бейімделуіне ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған орыс тілін оқыту курстарына 524 адам тартылып, орыс тілін оқып үйренді.
2017 жылғы 24 мамырда облыс орталығында Славян жазуы мен мәдениеті күніне орай: «И сложили они письмена…» атты викториналық сабақ өткізілсе, 17 қыркүйекте «Увдивительный мир славянского слова» атты славяндық эстафета байқауы ұйымдастырылды.
Үш тілді білім беруді ілгерілету аясында ересектерге ағылшын тілін оқыту жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта тілдерді оқыту орталықтары жанынан ашылған ағылшын тілін оқыту курстарына 2017 жылы 1016 адам тартылды. Оның 386-сы мемлекеттік қызметші, 581-і бюджеттік мекеме қызметкері, 49-ы қала тұрғындары.
Бұған қоса облыстағы мекемелер мен кәсіпорындар жанынан ұйымдастырылған 75 үйірме мен топта 2 мыңға жуық адам, 20 жекеменшік орталықта 2997 адам ағылшын тілін оқуға тартылды.
2017 жылдың шілде - тамыз айларында облыстағы медицина қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту курстары жүргізілді. Ағылшын тілін оқыту курсына облыс бойынша 38 дәрігер тартылды. Оның 23-і (2 топ) Семей қаласындағы «BEST» тіл оқыту орталығының, 15-і (2-топ) Өскемен қаласындағы «BEST» тіл оқыту орталығының базасында деңгей бойынша ағылшын тілін оқыды. Курс соңында дәрігерлер деңгей бойынша емтихан тапсырды. «IELIS» сертификатына тапсыру емтиханын Алматы қаласының «Inter Press» компаниясының шақыртуымен Ұлыбританиядан келген жоғары білікті маман М.Джзоф қабылдады. Сынақ нәтижесі бойынша ағылшын тілін оқуға тартылған дәрігерлер халықаралық «IELIS» сертификатына ие болды.
Үштілділікті дамыту, тұрғындарының үш тілге - қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында 2017 жылдың 22 наурызында Өскемен қаласының Республика алаңында тұрғындар арасында үш тілді білуден (қазақ, орыс ағылшын тілдерін) «Полиглот» сайысы өткізілді. Оған 50 адам қатысты, көрермен ретінде 120-ға жуық адам қамтылды.
Сонымен қатар 1 облыстық – ғылыми әдістемелік семинар, 2 «дөңгелек үстел» отырысы, қазақ, ағылшын, орыс тілдерін еркін меңгерген жастар арасында «Тілдарын» облыстық олимпиадасы, мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» облыстық конкурсы өткізілді.

Мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының «Бір Отан, бір тіл – Тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық форумына қатысушылардың облыс жастарына ҮНДЕУІ

Өскемен қаласы 25 қараша 2015 жыл

Біз, «Бір Отан, бір тіл – Тәуелсіз Қазақстан» атты жастар форумына қатысушылар, тәуелсіз еліміздің патриоттары ретінде Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға атсалыса отырып, бүкіл облыс жастарына үндеу жариялаймыз.
Біз, Еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында қалыптасқан мемлекеттің  болашағы - жастар, өз бойымыздағы патриоттық рухты туған жеріміздің топырағына сіңген қазақ тіліне деген құрмет арқылы көрсете аламыз.
Отбасы – біздің қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың аса маңызды институты. Сондықтан да мемлекеттік тілді құрметтеуді, оны дәріптеуді отбасы ошақ қасынан бастайық.
Елбасының Қазақстанды бүкіл әлемге халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде танытуға негізделген «Үш тұғырлы тіл» идеясын жүзеге асыруға атсалысамыз. Яғни, мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Құрметті жастар, Тілдің үштұғырлығы негізінде басым мәртебе ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ берілетінін үнемі есте ұстайық!
Біз, жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, келешегі  кемел Мәңгілік елдің ұрпақтармыз. Біздің Отанымыз – ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз – мемлекеттік тілді дамыту.
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!» деген ұстаныммен үйде, жұмыста және қоғамдық орындарда  қазақ тілінде сөйлеуді сәнге айналдырайық!
Біз, жастар - жаңа бағыттың қозғаушы күшіміз. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Елбасы бізге үлкен сенім артты. Сол сенімді ақтайық!

Құрметті жастар!
Біз сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті,
Ұлт Көшбасшысы,  Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  өмірлік жолынан үлгі алып, әр істі жауапкершілікпен адал атқаруға, ел мүддесі мен игілігі үшін қызмет етуге шақырамыз!

 

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы N 1122 Қаулысы

"Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы N 108 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдарәа мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу кезінде осы Тұжырымдаманы басшылыққа алу ұсынылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 20 қарашадағы
N 1122 қаулысымен
мақұлданған   

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Астана, 2007 жыл

Кіріспе

Бәсекеге қабілетті кеңістікті, мемлекеттік тілдің дамуы үшін шарттарды қалыптастыру біздің еліміздің құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекет ретінде нығаюының және одан әрі дамуының стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.
Осы Тұжырымдаманың құрылымына:
Қазақстан Республикасындағы тілдік ахуалдың қазіргі жай-күйін талдау;
Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері;
Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері;
күтілетін нәтижелер кіреді.

Қазақстан Республикасындағы тілдік ахуалдың қазіргі жай-күйін талдау

Қазіргі уақытта Қазақстан жағдайында тілдерді қолдану ара қатынасына ұдайы ғылыми негізделген мониторинг, олардың қоғамдық, жеке тұлғааралық қатынастардағы қажеттілігінің нақты бағасын жүргізу қажет. Ең алдымен тілдің атқаратын қызметін оның таралу деңгейі, жеткізгіштер саны және басқа да факторлар арқылы анықтайтын таптаурынды еңсерген жөн.

Орын алған жағдайға талдау жасаудың жекелеген әрекеттері мемлекеттік органдар мен мекемелердегі құжат айналымының мемлекеттік тілді тірек ете отырып сөз жүзінде, сандық көрсеткіштерге, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар көлеміне, мерзімді баспасөз басылымдарын екі тілде шығару әдетте, мемлекеттік тілдегі материалдардың көлемі шағын және сапасы төмен болуына негізделеді.
Осындай жағдай білім беру жүйесінде, ғылымда, баспа қызметінде және тыныс-тіршіліктің басқа да салаларында орын алып отыр.
Қазіргі уақытта заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тілде әзірлеу сапасы да ерекше назар аударуды қажет етеді, терминологияны дамыту, аударма сапасы, азаматтардың тегін, атын, әкесінің атын дұрыс жазу ережелері, олардың транскрипциясы, қаржы саласында статистикалық есептілік және басқа құжаттарды жүргізу мәселелеріндегі келіспеушіліктер еңсерілмеген.

Іс қағаздарына жүргізілген талдау орталық мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде құжат дайындау небары 20-30 %-ды, ал жалпы құжат айналымы көлемінің 45-50%-ды құрайтындығын көрсетеді. Жергілікті атқарушы органдардың іс қаәаздарында орын алған көрсеткіштер өңірлердегі нақты тілдік ахуалды көрсетпейді. Тіпті қазақ халқы көп тұратын өңірлерде де бұл көрсеткіш позитивтік болып табылмайды, себебі бұл ретте негізгі ауыртпалық осы институттардаәы аудармашы мамандарға түседі.
Мұндай жағдайларда мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі жұмысты тұрақты түрде жүргізу қажет, олардың құрылымы тілді меңгеру деңгейін - қарапайым қарым-қатынас жасау деңгейінде меңгеруді әана емес, сонымен қатар қжаттарды өз бетінше дайындауды болжайтындай мейлінше тқрақты болуы тиіс. Бҝгінгі күнге дейін қазақ тілін оқытушы мамандардың, сондай-ақ аудармашы мамандардың жетіспеушілігі сезіледі.

Бұл мүселеге қатысты оң деп тануға болатын јрекеттерге қарамастан, жалпы ахуал ерекше бақылауды талап етеді. Бұл жағдайда орталық және жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарда мемлекеттік тілдегі құжат айналымының көлемін біртіндеп ұлғайту туралы сөз болуға тиіс. Сондықтан орын алып отырған мән-жайларға байланысты іс қағаздарында мемлекеттік тілдің оның даму басымдылығын ескере отырып, қолданылуының оңтайлы үйлесімділігін, қолайлы ара қатынасын қалыптастыру қажет. Тіл саясатын табысты іске асыру бұқаралық ақпарат құралдары қызметін тиімді ұйымдастыруға, тіл мјдениетін БАҚ арқылы белсенді түрде насихаттауға, тілдік ортаны қалыптастыруға, түрлі білім беру бағдарламаларын жасауға, тіл мәдениетіне тәрбиелеуге байланысты.
Республикада сөз және шығармашылық бостандығын қамтамасыз етуде белгілі нәтижелерге қол жеткізілді. 2300-ден астам газет пен журналдар шығарылады. Алайда олардың тек 458-і ғана мемлекеттік тілде. 215 орталық және жергілікті теле және радиоарналар жұмыс істейді, олардың ішінде тек 5-еуі мемлекеттік тілде хабар береді.

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес бұқаралық ақпарат алу және оны тарату кезінде әркімнің ана тілін пайдалану құқығын қамтамасыз етеді. Осы Заңмен мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құралдарының телевизиялық және радио бағдарламаларының апталық көлемі уақыты бойынша басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық көлемінен кем болмауы тиіс. Мемлекеттік тілдегі хабарларды таратудың тәуліктік кестесіне орналастыру хабарлар эфирге шығатын бүкіл кезең ішінде біркелкі жүзеге асырылуға тиіс.
Дегенмен, тіл саясатын, тілді дамыту саласындағы заңнаманы іске асыруға байланысты проблеманы, әсіресе, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында, тек тілдердің үйлесімділігінің сандық сәйкессіздігіне ғана емес, басқа да аспектілерде қарастыру қажет.

Көптеген электрондық БАҚ заңнама нормаларын орындауға сөз жүзінде және атүсті қарағаны белгілі. Мемлекеттік тілдегі телебағдарламалардың түнгі уақытқа орналастырылған хабарлар торын жоспарлау бірнеше рет сынға ұшырап, нәтижесінде бұл проблеманы саясиландыру әрекеті жасалды.
Тіл және сөйлеу мідениетін қалыптастыруға, сайып келгенде, жетістікпен меңгеругеықпал ете алмайтын көптеген хабар сапасының төмендігі, бағдарламалардың өзекті еместігі, тартымды болмауы басқа проблема болып табылады. Бұл жағдайда теле және радиобағдарламаларда шығармашылық дайындықтар жақсы үлгі болуға тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдарында тілдік сауатсыздықты жою, терминдерді тиімді және орнымен қолдану, хабарлардың бірсарындылығы мен әибраттылық сипатын еңсеру, мемлекеттік тілдегі ерекше бағдарламалардың көлемін ұлғайту, отбасылық тәрбиеге көңіл бөлу және т.б. қажет.

Тілдерді дамытуға және тілдік мәдениетті қалыптастыруға негіз болатын тіл саясатын іске асырудағы маңызды салалардың бірі оқу орындары, жалпы алғандаелдегі білім жүйесі болып табылады. Демократиялық, саяси, экономикалық реформаларды жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруы оқу орындарында оқыту және тәрбие беру сапасын жақсарту, тілдерді қолданудың оңтайлы үйлесімділігін қамтамасыз ету ҝшін жаңа мүмкіндіктер береді. Егер 90-жылдардағы экономикалық дағдарыстар кезінде мектепке дейінгі балалар мекемелері, интернаттар, кәсіптік техникалық училищелер саны қысқарып, көптеген бастауыш, шағын мектептерді оңтайландыру жүргізілсе, қазіргі кезеңде қазақ тілінде оқытатын орта және жоғары білімді тұрақты дамытуға, мектепке дейінгі балалар мекемелерін толығымен қайта жаңғыртуға толық мүмкіндік туып отыр.

Осыған байланысты білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік тіл саясатын, ел өңірлеріндегі демографиялық жағдайларды ескере отырып жүзеге асырылуға тиісҚазіргі уақытта Қазақстанда 7800-ден астам жалпы білім беретін мектептер мен лицейлер жұмыс істейді, олардың ішінде 3500-ге жуығы қазақ тілінде оқытады, 500-ден астам колледж, 140-қа жуық жоғары оқу орындары бар. Колледждер мен жоғары оқу орындарында мамандарды мемлекеттік тілде дайындауды ұйымдастыру неғұрлым белсенді және тұрақты бола бастады.
Білім беру сапасын бағалау өлшемі тек оқытылатын тілге ғана емес, барлық білім салаларында болашақ мамандарды даярлаудың басқа да параметрлеріне тәуелді болуы тиіс. Сондықтан мемлекеттік және орыс тілдерінде мамандарды даярлауда орын алған сәйкессіздіктерді еңсеру үшін, ең алдымен, білім беру сапасын, оқу процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жақсарту қажет, бұған олардың бәсекеге қабілеттілігі тәуелді. Білім беру жүйесінің алдында тілдік дайындау маңызды элементтерінің бірі болып табылатын жоғары сапаға, халықаралық стандарттарға негізделген білім беру процесінің ҝздіксіздігі қағидатын жҝзеге асыруға қол жеткізу міндеті тұр. Мектепке дейінгі тәрбие кезеңі, жалпы білім беретін мектепте білім алу уақыты тілді меңгеру үшін аса тиімді болып саналады.

Әлемдік қоғамдастықтағы жаһандану процесі жаңа технология параметрлеріне сәйкес болашақ мамандарды даярлауды, тілдік көрсеткіштер бойынша ақпараттық шектеулерді еңсеруді жүзеге асыруды талап етеді.
Сонымен бірге қоғамда білім беру сапасының деңгейіне, әсіресе мемлекеттік тілде тікелей оқытуға негізделген жоғары талап қойылуда екендігін мойындауымыз қажет.
Талдаудаәы статистикалық мәліметтер істің нақты жағдайын бере алмайтындыәын көрсетеді. Мәселен, 2006-2007 оқу жылының мәліметтері бойынша республикадағы қазақ мектептері олардың жалпы санының 48%-ын құрады, мектеп жасындағы ұлты қазақ балалардың 80%-дан астамы қазақ мектептерінде оқиды.

Алайда, қазақ мектептерінің дамуындаәы кейбір жағымды үрдістерді айта отырып, олардың 80%-ы ауылдық жерлерде орналасқандығын, 50%-дан астамы шағын жинақты екендігін атап өткен жөн. Бұл жағдай осы шағын жинақты мектептердің оқушыларының, педагогтарының кітапханаларға, мәдениет мекемелеріне баруын, ақпараттық технологиялар, қашықтан білім алу, Интернет және басқа мүмкіндіктерін пайдалануын қамтамасыз етуге елеулі кедергі келтіреді. Ауылдық жерлердің көптеген мектептерінде шет тілін оқыту мамандары жоқ, ал қала мектептерінде олардың болмауы мамандардың материалдық қызығушылығының жетіспеушіліктерімен түсіндіріледі.

Қажетті оқу сапасының, оның ішінде, тілдің және тіл мәдениетінің қалыптасуын қамтамасыз етуге жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында оқулықтардың, оқу құралдары мен әдістемелік әдебиеттердің жетіспеушілігі кедергі тудырады. Соңәы жылдары мемлекеттік тапсырыс негізінде мамандар мемлекеттік тілдегі бірегей оқулықтар, оқу құралдарын, басқа да көпшілік әдебиеттер әзірлеуді жүзеге асыруда. Алайда жалпы білім беретін мектептерге арналәан оқулықтардың, оның ішінде электрондық, балама оқулықтардың, оқу құралдарының, компьютерлік бағдарламалардың көп таралыммен шығарылуына қарамастан, жергілікті атқарушы органдар білім ұйымдарын жеткілікті дәрежеде олармен қамтамасыз етпей отыр.
Осылайша тілдік ахуалды талдау елімізде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесін нығайту жөнінде жүйелі жұмысты жалғастыру, тілдік ортаны қалыптастыру, тіл мәдениетіне тәрбиелеу, тілдерді дамытуды одан әрі жалғастыруға жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдау қажет екендігін көрсетеді.

 Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері

Тұжырымдаманың мақсаты - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретіндеқазақ тілінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін нормативтік-құқықтықбаза және қажетті жағдай жасау.
Мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады:
мемлекеттік тіл саясатының мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру;
ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтудың факторы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін арттыру;
мемлекеттік тілді оқыту сапасын жақсарту;
мемлекеттік тілдің ақпараттық кеңістігін кеңейту және тіл саясаты саласындағыстратегиялық жоспарлаудың тиімділігін арттыру.

 Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері

Мемлекеттік тіл саясатының мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру мынадай жолдармен жүзеге асырылатын болады:
заңнаманы қолданылу аясын кеңейту бөлігінде жетілдіру;
"Қазтест" қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесін енгізудің функционалдық аспектілерін реттеу;
мемлекеттік тілдің мәртебесін қазіргі жағдайларды ескере отырып нығайту, оның бјсекеге қабілеттілігін арттыру;
меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдар мен барлық ұйымдардың алқа мәжілістерін, халықаралық келіссөздер мен келісімдерді, ресмиіс-шараларды мемлекеттік тілде өткізу практикасын енгізу.
Ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмнің факторы ретінде мемлекеттіктілдің рөлін арттыру мақсатында мынадай мәселелерді пысықтау орынды:
қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайлар жасау;
Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және басқа заңнамаға сәйкес ұйымдастырушылық ақпараттық-идеологиялық сипаттағы жүйелі шараларды жүзеге асыру;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, әсіресе, жаңа буын арасында түсіндіру-насихаттау жұмысын жандандыру;
мемлекеттік тілді насихаттау жөніндегі жұмысқа қатысуда ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлерін, ұлттық-мідени орталықтардың өкілдерін материалдық-моральдық ынталандыру;
кезеңділік, кезектілік, мақсат бірлігі, шамадан тыс саясиландырудан бас тарту қағидаттары арқылы шараларды жүзеге асыру;
мемлекеттік тілдің рөлін арттыру мақсатында қоғамда тілдік мәдениетті нығайту, тілдік ортаны қалыптастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
Мемлекеттік органдардың, меншік нысанына қарамастан барлық ұйым қызметкерлерінің , ел азаматтарының мемлекеттік тілді игеруі ҝшін қажетті жағдайлар жасау мыналар арқылы іске асырылатын болады:
қоғамның жалпы мәдениетінің бір бөлшегі ретінде үздіксіздік қағидаты негізінде мемлекеттік тілді оқытудың жүйесін ұйымдастыру;
мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік коммуникация дағдыларын дарыту мақсатында қазақ тілінде жүзеге асырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту;
жалпы білім беретін мектептерде тіл мәдениетіне тәрбиелеу және жаңа ерекше оқулықтарды, оқу құралдарын, оның ішінде электрондық сөздіктерді пайдалану;
оқу орындары түлектерінің әлеуметтік және лингвистикалық кеңістікке табысты кірігуін қамтамасыз ету мақсатында жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді оқытудың сапасын жақсарту;
орыс тілінде оқытатын және басқа ұлттық мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламаларын жетілдіру;
жағмысы түпкілікті нәтижеге бағытталуға және сандық ғана емес, сапалық параметрлермен бағалануға тиіс мемлекеттік тілді дамыту мәселелерімен айналысатын орталықтар жұмысының тиімділігін арттыру.
Мемлекеттік тілдің ақпараттық кеңістігін кеңейту және тіл саясаты саласындағы стратегиялық жоспарлаудың тиімділігін арттыру мынадай жолдармен жүзеге асырылатын болады:
қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, компьютерлік бағдарламаларды, Интернет пен қашықтықтан оқытуды пайдалану;
тіл мәдениетін тәрбиелеуге ықпал ететін мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі теле және радиобағдарламалар беделін арттыру;
балалар мен жастар арасындағы балалардың қазақ тілін білуге қызығушылығын ынталандыру, тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру;
мемлекеттік органдардың веб-сайттарын мемлекеттік тілдегі сапалы ақпаратпен толықтыру және электрондық дерекқор жасау;
Интернет желісіндегі қазақ сегментінің жан-жақты дамуына және кеңеюіне ықпал ететін ақпараттандыру саласында бағдарламалар әрлеу;
білім, ғылым, мәдениет, технологиялық алмасу, статистика және тағы басқа салалар бойынша бірыңғай дерекқор жасау;
теле және радио бағдарламаларда, басылымдарда, оқулықтарда, кітаптарда, жарнамаларда, хабарландыруларда, географиялық атаулардың жазылуында және басқаларында әдеби тіл нормаларының сақталуына ықпал ететін шаралар жүйесін қалыптастыру.

 Күтілетін нәтижелер

Тұжырымдаманың қағидаларын іске асыру елде мемлекеттік тілдің сапалы дамуына, оның бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға жағдай жасауға мҝмкіндік береді.
Жоғарыда көрсетілген шараларды шешу елдегі тілдік ахуалды сапалы түрде жақсарту үшін оңтайлы жағдай жасауға, тілдік ортаны қалыптастыруға, мемлекеттік тіл саясатын іске асыру тетіктерін жетілдіруге, еліміздің мемлекеттік тілі ретінде қазақ тілінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Жалпы алғанда Тұжырымдаманы іске асыру:
мемлекеттік тілдің оқыту сапасын жақсартуға;
мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық салаларында қолданылуын қамтамасыз етуге;
ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтудың факторы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін арттыруға;
мемлекеттік тілдің тиімді ақпараттық кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді.

 

+ 2013 жыл
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл
*.doc, 66 кБ
3-ші тоқсан 2-ші жартыжыл
+ 2012 жыл
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл
*.doc, 55 кБ
3-ші тоқсан 2-ші жартыжыл
*.doc, 56 кБ
+ 2011 жыл
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл
*.doc, 61.5 кБ
3-ші тоқсан 2-ші жартыжыл
*.doc, 57 кБ
+ 2010 жыл
1-ші тоқсан
*.doc, 46 кБ
1-ші жартыжыл
*.doc, 49 кБ
3-ші тоқсан
*.doc, 54 кБ
2-ші жартыжыл
*.doc, 5.02 MБ
+ 2009 жыл
1-ші тоқсан
*.doc, 63 кБ
1-ші жартыжыл
*.doc, 67 кБ
3-ші тоқсан
*.doc, 42.5 кБ
2-ші жартыжыл
*.doc, 45 кБ
+ 2008 жыл
1-ші тоқсан
*.doc, 36.5 кБ
1-ші жартыжыл
*.doc, 44 кБ
3-ші тоқсан
*.doc, 38.5 кБ
2-ші жартыжыл
*.doc, 78.5 кБ
+ 2007 жыл
1-ші тоқсан
*.doc, 30.5 кБ
1-ші жартыжыл 3-ші тоқсан
*.doc, 61 кБ
2-ші жартыжыл
*.doc, 72.5 кБ
*.doc, 104 кБ
+ 2006 жыл
1-ші тоқсан
*.doc, 40 кБ
1-ші жартыжыл 3-ші тоқсан
*.doc, 36 кБ
2-ші жартыжыл
*.doc, 40.5 кБ
+ 2005 жыл
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл
*.doc, 46 кБ
3-ші тоқсан
*.doc, 33 кБ
2-ші жартыжыл