ШКО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

Жаналықтар

«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте»

2017 жылғы 21 маусымда Өскеменде мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқау өтті.  
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күніне орай ұйымдастырылған шараға  Өскемен қаласы әкімдігінің «Темірқазық», Бесқарағай аудандық әкімдігінің «Жүрегім қазақ», Бородулиха аудандық әкімдігінің «Сұңқар», Жарма аудандық әкімдігінің «Дүр қамшы», Семей қалалық прокуратурасының «Аманат», ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің «Денсаулық қорғаны», ШҚО статистика департаментінің «Шаңырақ» командалары қатысты.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өткізіліп отырған  конкурстың мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру, мемлекеттік тілді қолданудың беделін арттыру.

Конкурсқа қатысушы командалардың сәлемдесуінен басталған байқау  «Жер - судың аты – тарихтың хаты», «Қазақ сөзі», «Үй жұмысы» сияқты кезеңдермен жалғасты. 
Бірінші кезеңде командаларын таныстырған қатысушылар екінші кезеңде Қазақстанның танымал жерлеріне арналған тапсырманы орындаса, үшінші кезеңде тіл жайлы ұлы ойшылдар мен қайраткерлердің, танымал тұлғалардың, ғалымдар мен сөз зергерлерінің даналық ой тұжырымдарын қаншалықты білетіндіктерін көрсетіп, тілдерді дамыту саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер туралы сұрақтарға жауап берді.
Үй жұмыс ретінде берілген соңғы кезеңде «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» тақырыбын шағын көріністер арқылы ашып берді.
Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдені ШҚО статистика департаментінің «Шаңырақ» командасы жеңіп алса, 1-орынды Семей қалалық прокуратурасының «Аманат», 2-орынды Бесқарағай аудандық әкімдігінің «Жүрегім қазақ», 3-орынды Жарма ауданы әкімдігінің «Дүр қамшы» командалары иеленді.

Жеңімпаздар Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте»

«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте»

«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте»

«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте»

 

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы