ШКО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

Жаналықтар

Облыстық ономастика комиссиясының отырысы туралы

2017 жылғы 28 маусымда облыстық ономастика комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысында 9 мәселе қаралды.
Отырыста өкілді және атқарушы органдардың Риддер қаласының «Дом отдыха Лениногорский» ауылының атауын «Лесное» ауылы, Бесқарағай ауданының Беген ауылындағы Мир көшесін «Бейбітшілік» көшесі деп қайта атау және Глубокое ауданының Черногорка ауылындағы атауы жоқ көшелерге «Центральная», «Достық», «Еңбек», «Бірлік» атауларын беру туралы ұсыныстары қаралды. Барлық ұсыныстарды комиссия мүшелері қолдады.

Сонымен қатар отырыста Жарма ауданы білім бөлімінің «Маяковский атындағы негізгі мектебін» «Салқынтөбе негізгі мектебі», Жарма ауданы білім  бөлімінің «Шевченко атындағы негізгі мектебін» «Қаражал негізгі мектебі» деп қайта атау туралы ұсыныстарын қарап, комиссия мүшелері бірауыздан қолдады.

Өскемен қаласы әкімдігінің «Толық емес орта жалпы білім беретін мектеп-интернаты» деп қайта атау жөніндегі құжаттар толықтыру үшін кейін қайтарылды.

Облыстық ономастика комиссиясының отырысы туралы

 

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы