ШКО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

Жаналықтар

Көңілді жаз

2017 жылғы шілде айының 1 мен 8 аралығында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жолдамасымен Өскемен және Зырян қалаларындағы жексенбілік мектептің оқушылары «Жiгер» жазғы сауықтыру лагерінің базасында ұйымдастырылған «Тіл лагерінде» жазғы демалыстарын өткізді. Тегін жолдаманың игерлері 2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша өз ана тілдерін үйренуде үздік нәтиже көрсеткен жексенбілік мектеп тыңдаушылары. Олар иврит, әзірбайжан, белорус, украин, татар, армян, неміс тілдерін оқитын оқушылар.
Лагерьде өткен сегіз күн ішінде балалар жазғы демалыстарын мемлекеттік тілді үйренумен ұштастырды. Еркін тақырыптарда әңгіме, сұхбаттасу әдістері арқылы балалар мемлекеттік тілді қаншалықты деңгейде білетіндерін көрсетті. Күнделікті демалыс уақыттарының 1 сағатын мемлекеттік тілді үйренуге арнаған балалар сабақ барысында демалыс базасына кеңінен саяхат жасап, табиғатқа серуенге шықты, қазақ тіліндегі викториналық ойындарға белсене қатысып тіл білудегі білімдерін ортаға салды.
Балалар күнде кешке педагог мамандардың ұйымдастыруымен өткен шараларда ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, балалар бір-бірімен танысып, жаңа достар тапты, суға шомылып, естен кетпес демалыс күндерін өткізді.

Көңілді жаз

Көңілді жаз

 

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы