ШКО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

Жаналықтар

Қасым Қайсенов кентінде «Абай оқулары» өтті

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы үстіміздегі жылғы 13 шілдеде «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына сәйкес жастар арасында дәстүрлі «Абай оқулары» облыстық байқауын өткізді. Сөз додасы Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентіндегі мәдениет үйінде болды.

Байқаудың негізгі мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, ел ішінен талапты, талантты жастарды іздеп табу және көркем шығармаларды оқып-үйрену мен насихаттауда жастардың ықыласы мен қызығушылығын арттыру болды.

«Абай оқулары» байқауына өңіріміздің 15 аудан, қаласынан аудандық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары қатысты.
Облыстық кезеңнің аясында байқауға қатысушылар өз білімдері мен шеберліктерін келесі тапсырмалар бойынша көрсетті:
1) қазақтың белгілі ақындарының көркемдігі жоғары поэзиялық шығармаларынан үзіндіні жатқа оқыды;
2) қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзіндіні көркемсөз оқу талаптарына сай шеберлікпен орындады.
Байқау қатысушыларының жұмысы мен жеңімпаздарын тіл жанашырларынан тұратын қазылар алқасы бағалап, анықтады. Нәтижесінде Бас жүлдені Ұлан ауданының тумасы – Мейржан Альбеков жеңіп алса,  Семей қаласынан келген Шынар Адамзатова 1-орынды, Риддер қаласынан келген Айым Айдынқызы 2-орынды иеленді. 3-орынды Зайсан ауданынан келген Жадыра Түсіпханқызы қанжығасына байлады.  Бұдан басқа, байқауға белсене қатысқан 2 үміткерге грамота беріліп, бағалы сыйлыққа ие болды. Олар: Тоқтарғазы Жұмаш (Курчатов қаласы) «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» деген номинациямен, Өскемен қаласынан келген Жүрсін Жұмабаев «Қара сөздің қас шебері» атты номинациямен марапатталды.
Ал қалған үміткерлерге қатысқаны үшін басқарма тарапынан алғысхаттар табысталды.

Қасым Қайсенов кентінде «Абай оқулары» өтті

Қасым Қайсенов кентінде «Абай оқулары» өтті

 

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы