ШКО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

Бұл – заман талабы

Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бермен қарай көтеріліп келеді. 2006 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. «Қазақстан-2050» стратегиясында латын тіліне 2025 жылы толық көшетініміз туралы кесімді сөз айтылды.

Әліпбиді ауыстырудың ең маңызды, ең салмақты нәтижелері – жаңа әліпби қазақ жазуының кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді, тілдің дамуына, қолданысын кеңейтуге күшті әсер етеді, қазақ тіліне айрықша маңыз беріп, қайтадан жаппай оқуға себеп болады.

Біз ағылшын алфавитін қабылдап жатқанымыз жоқ, латын қарпін қолдана отырып ұлттық мүддемізге, тіліміздің заңдылықтары мен табиғатын, құндылықтарын сақтай отырып, ұлттық әліпби жасақтаймыз.
Ең негізгі ұтымдылық – ондай әліпбидің қазіргі заманның барлық байланыс, баспахана, компьютерлік құралдарды пайдалануға өте ыңғайлығында.

Елбасының бұл мақаласы көбірек талданса екен. Себебі, бізде талдағаннан гөрі тамсану басым. Себебі мұның астарында екі түрлі мәселе бар. Бірінші, рухани жаңғыру мәселесі. Бұл қазақ руханиятының жаңғыруы деп ойлаймыз. Себебі, осы мемлекеттің титулды ұлты ретінде біздің рухани жаңғыруымыз заман талабына сай болуы керек. Оны қалай жүзеге асырамыз, бұл ғалымдардың пікірлесуімен жасалатын секілді. Екінші, мақалада нақты бағдарламалар айтылған. Ол туған жер, латын әліпбиіне көшу, аударма орталығы, 100 классикалық кітап мәселесі. Бұлар нақты көрсетілген мәселе. Латын қарпіне көшу арқылы біз орыс тілін шеттеткелі отырғанымыз жоқ. Бұл қоғамның техникалық қажеттілігінен туындап отыр. Меніңше, осы аталған мәселелерді қаперге алуымыз керек. Латын әліпбиін енгізу – халқымыздың білімі мен мәдениеті, өнерінің дамуына тағы бір серпіліс әкелетін дара жолы деп білемін.

Құрметпен, тарих ғылымдарының кандиаты,
тарих және қоғамтану академиясының академигі Әділ Сайлаубек