ШКО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

«ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ҚАЗАҚ ТІЛІН САҚТАУҒА КЕРЕК»

Ұсынылып отырған латын әліпбиінің жобасы соншалықты жетілген жоба емес, бірақ диграф пен түркия нұсқаларына қарағанда біршама ыңғайлы келеді. Кейбір әріптердің үстіне апостроф қою А.Байтұрсынұлының төте жазуында болған бұрыннан белгілі әдіс. Бұл нұсқаны ыңғайлы етіп тұрған қазіргі компьютер тақталарында апостроф белгісінің болуында деп ұққан жөн. Сондықтан пернетақтаға қосымша таңбалар енгізудің қажеті болмайды.

Талқыға түсіп отырған әліпби нұсқасында дауысты И, Ф, Һ, В, Ч сияқты кірме дыбыстарға арнайы әріптер берілген. Ол кірме дыбыстарды алып тастау керек. Өйткені әліпбиді ауыстырып жатуымыздың өзі, осы кірме әріптерден арылу мақсатын көздейтінін естен шығаруға болмайды. Сондықтан бұл нұсқаны таңдап алғанның өзінде оны жетілдіру жұмыстары жүргізілуі керек деп ойлаймыз.

 

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті,
филология ғылымдарының кандидаты  Б.Н. Бияров