ШКО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

«Атаулар – асыл байлығымыз» тақырыбындағы өңірлік семинар-кеңес

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2017 жылғы 13 қазанда «Атаулар – асыл байлығымыз» тақырыбында Тарбағатай ауданында семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңеске ШҚО тілдерді дамыту басқармасының мамандары, Риддер қаласының, Тарбағатай, Зырян, Зайсан аудандарының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылары мен мамандары, Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Сабырбаев Ержан Советбекұлы, ауылдық округ әкімдері, ауыл тұрғындары және БАҚ-тың өкілдері қатысты.
Семинарда ономастика мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды. Елбасының тапсырмасына орай бұдан былай елді мекендерге, көшелерге, нысандарға идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру, сондай-ақ объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне кісі есімдерін беруді түбегейлі шектеу жөнінде сөз қозғалды.
Негізгі баяндаманы «Облыстағы ономастикалық жұмыстардың басты бағыттары» тақырыбында басқарманың ономастика және талдау бөлімінің басшысы Төлемісова Роза Әшімханқызы жасады. Сондай-ақ, Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Омарғазин Сержан Биғазыұлы ақпарат берді.
Сонымен қатар Күршім ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Өлмесеков Бақытхан Фазылұлының «Аудандағы ономастикалық жұмыстың ерекшеліктері мен мәселелері», №2 Ақсуат орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сырлыбаев Серікбол Мерекеұлының «Ономастика-халықтың жер бетіндегі ескерткіші», Риддер қаласының мәдениет, және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы Сағатаева Сая Зарқынқызының
«Қала ономастикасының өзекті мәселелері» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.
Семинарға қатысушылар тарихи атауларды зерттеу қажеттігі туралы ұсыныс айтты. Аталған ұсыныстар назарға алынды.

 

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы