ШКО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

Оразалин Слямбек Қалибекұлы, профессор

Құрметті әріптестер, Елбасымыздың қабылдаған латын әліпбиіне көшу туралы Жарлығы Қазақстан Республикасындағы ең маңызды оқиғаның бірі.

Латын әліпбиін қазір әлем халқының мөлшермен 70 пайызы қолданады. Алдымызға келген әліпбидің болашақ тағдыры біздің қолымызда. Сондықтан «жаңа әліпбидің ана жері анандай, мына жері мынандай» деп, жоқтан бар іздемей, әліпбиді халқымызбен бірге оқып-үйренудің жолдарын қарауымыз керек. Бұл біздің елдігіміздің белгісі. Елге, жерге, халқымызға деген патриоттық сезіміміздің айнасы.