ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

 «Мемлекеттік тіл және БАҚ»  облыстық конкурсын өткізу қағидалары

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай бағытталған. 

2. Конкурсты өткізудің мақсаты мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту болып табылады. 

3. Конкурс төрт номинациядан тұрады:

1) «Үздік мақала»;

2) «Үздік телеарна бағдарламасы»;

3) «Үздік блогер»;

4) «Үздік сайт мақаласы». 

4. Конкурсқа мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша БАҚ-та, әлеуметтік желілерде материалдар жариялаған (бағдарлама құрастырған) журналистер қатыса алады. 

5. Алдыңғы конкурстың бас жүлде мен І орын жеңімпаздары конкурсқа қатыстырылмайды. 

ІІ. КОНКУРСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ 

6. ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады. 

7. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланады. 

8. Конкурс қатысушылары осы Қағиданың 3-тармағындағы көрсетілген төрт номинацияның біреуі бойынша өтінімді Басқармаға 2018 жылғы
1 маусымға дейін мынадай құжаттармен беріледі:

1) конкурқа қатысу туралы өтінім (осы ережедегі кестеге сәйкес);

2) 2017 жылғы 10 маусым мен 2018 жылғы 1 маусым аралығында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарық көрген материалды, соның ішінде телебағдарлаларды, мемлекеттік тілдегі сайттардағы, мерзімдік баспасөздегі жарияланған мақалаларды;

3) мақала жарияланған газет-журналдар, сайттардың скриншоттары, бағдарламалардың DVD дискідегі жазбасы, «Word» форматындағы электрондық нұсқасы;

4) ұсынылған материалдардың (сілтемелерінің) газетте, телеарнада, сайтта орналастырылғандығын растайтын құжат (скриншоттар). 

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

9. Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін тіл мен әдебиет, журналистика салаларының зиялы қауым өкілдері мен білікті мамандарынан тұратын қазылар алқасы 5 адамнан құрылады. Оның құрамын Басқарма анықтайды. 

10. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардан жинақталған материалдары негізінде дауыс беру арқылы конкурстың төрт номинациялары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықтайды. 

11. Конкурстың марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі. 

12. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. 

13. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары және ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының интернет-ресурстарында жарияланады. 

14. Конкурсқа ұсынылатын материалдар 2018 жылғы 1 маусымға дейін мына мекенжайға жолдануы тиіс (1 маусымнан кейін пошта арқылы келіп түскен материалдар конкурсқа қатыстырылмайды).

 

Қатысушының ТАӘ
Жұмыс орны
Мақала, бағдарлама, блог, БАҚ атауы
Жарияланған күні
Байланыс телефоны

 

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
Мекенжайымыз: Өскемен қаласы, Қ.Қайсенов көшесі, 121
Байланыс телефондары: 8 (7232) 704-241

Е-mail: b.tauanova@akimvko.gov.kz