ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

Кездесу өтті

14 мамыр күні ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдерімен мемлекеттік серіктестікті нығайту мақсатында кездесу өткізді.

Кездесуге Өскемен қаласының әртүрлі бағытта қызмет етіп жүрген ҮЕҰ өкілдері қатысты. Басқарма басшысы Айдын Шаймарданов тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы айтып берді.

Кездесу барысында Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы директорының орынбасары Бақыт Шукеева қатысушыларды мемлекеттік тілді деңгейлеп оқытудың, тіптік бағдарламасымен таныстырса, орталықтың әдіскері Арай Мурсалимова А1 деңгейі бойынша тілді меңгертудің әдіс-тәсілдерін көрсетті. Кездесуге келгендер панорамалық сабаққа қатысты.

14 мамырдан бастап облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен «Тілге құрмет – елге құрмет» акциясы басталды. Акция аясында А1 деңгейінде мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдірген ҮЕҰ өкілдері үшін тегін 10 күндік оқыту курсы жүргізіледі.

Акцияның мақсаты – азаматтық сектор өкілдерін мемлекеттік тілді оқуға тарту. Кездесу соңында тіл оқыту жұмыстарын жандандыру мақсатында Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы үкіметтік емес ұйымдармен 10 күндік тегін тіл оқыту курстарын өткізу туралы меморандумға қол қойды.

 

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы