ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

Облыстық көшпелі семинар-тренинг өтті

2018 жылғы 14 қыркүйекте Ұлан ауданының Қ.Қайсенов кентінде өткен облыстық көшпелі семинар-тренинг барысында мемлекеттік органдар мен басқада сала қызметкерлері   латын графикасындағы жаңа әліпби негізінде жазу мен оқуға машықтанды.

Бұл ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен  «Жаңа әліпби – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында өткізіліп отырған үшінші семинар-тренинг. Бұл жолғы шараға Өскемен, Риддер қалары және Глубокое, Ұлан, Шемонаиха аудандарындағы мемлекеттік органдардың және басқа да саланың қызметкерлері қатысты.

Семинар-тренингті өткізуге халықаралық дәрежедегі тренерлер – Семей қаласындағы Талдау және әлеуметтік - маркетингтік зерттеулер институтының директоры, Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің  философия және саясаттану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Арафат Мамырбеков  және ERUDIT білім беру - ғылыми орталығының атқарушы директоры, филология магистрі, Азамат Азатов тартылды.

Семинар-тренингтің практикалық бөлімінде оған қатысушылар жаңа әліпби негізінде жеке,  жұптық және топтық тапсырмалар орындап, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан берілген үзінділерді латын графикасы негізіндегі әліпби бойынша мүдірмей оқуға машықтанды, онлайн тест орындады.

Ал теориялық бөлімде практикалық жұмыс барсында туындаған мәселелер бойынша нақты мәліметтер беріліп, латын графикасы негізіндегі әліпбиді дербес  компьютерде, смартфондар мен планшеттерде  қолдануға арналған онлайн конверторлармен,  бағдарламалармен танысты.

Семинар-тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат тапсырылды.

 

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы