ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

Жаңа әліпби негізінде өткен жаппай диктант

2018 жылдың 5 қазан күні ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында «Жаңа әліпбимен – жаңа белеске» атты онлайн режимде жаппай диктант өткізілді.

Жаппай диктант жазудың мақсаты: латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиді көпшілікке таныту, жаңа әліпби бойынша жазу дағдыларын қалыптастыру.

Жаппай диктант жазудың ерекшелігі – аудандық, қалалық тіл оқыту орталықтарында оқуға тартылған мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме қызметкерлерінің, медицина саласының тіл мамандары, ЖОО тіл мамандары, облыстық кітапхана қызметкерлері онлайн-режімде А. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында бір уақытта сағат 10.00-де жазып бастады. Аталған диктантқа облыс көлемінде барлығы 350-ге жуық адам қатысты.  

Диктант мәтінін С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Айгүл Әлімхан оқыды. Қатысушылар диктантты өздері тексеріп, экранда көрсетілген нұсқасымен салыстырды.

Диктант соңында қатысушылардың сұрақтарына ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тілдерді дамыту және үйлестіру бөлімінің басшысы Сауле Қалиғазина жауап берді.