ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

Ағылшын тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру шарасы болып өтті

Бүгін 2018 жылдың 15 қазанында қалалық, аудандық тіл оқыту орталықтарының ағылшын тілі оқытушыларына «Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында вебинар өтті.

Аталған шараға Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ білім беру технологияларын дамыту және сапасын бағалау орталығының аға ғылыми қызметкері, үштілді оқыту жөніндегі жобаның қосымша жетекшісі, магистр Мадина Файзуллиновна Юсубалиева «Speak for yourself» тақырыбында мастер-класс өткізсе, аталмыш университеттің аға оқытушысы педагогика ғылымдарының магистрі, ағылшын тілі мұғалімдерінің ұлттық ассоциациясының вице-президенті Татьяна Колесникова «Динамические способы оценки учебной деятельности в преподавании английского языка» тақырыбында тренинг өткізді. Ересектерге ағылшын тілін тереңдете оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану мақсатында таратпа материалдарды пайдалана отырып сабақ үзінділері көрсетілді. Вебинар барысында оқытушылар өзара пікір алмасты.

Сонымен қатар, ШҚ лингвистикалық орталығының ағылшын тілі оқытушысы Абылкасова Нұрдана Қайратқызы облыс көлемінде тіл оқыту орталықтарының ағылшын тілін оқытудағы оқыту бағдарламасымен тақырыптық-күнтізбелік жоспарлы біріздендіру және жүйелеу бойынша сөз алып, өз ойын ортаға салды.

Аталған шараға  С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің шет тілдері және аударма ісі бойынша кафедрасының профессоры педагогикалық ғылымдар кандидаты, топ жетекшісі, Чжан Елена Евгеньевна қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті.