ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

«Қазақшаңыз қалай?» атты жанды диалог өтті

2018 жылдың 7 қараша күні Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мен қазақша сөйлеймін» атты жалпы республикалық акциясы аясында ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен Құмаш Нұрғалиев атындағы колледждің, С. Аманжолов атындағы университеттің   студенттерімен «Қазақшаңыз қалай?» атты жанды диалог өтті.

Акцияның мақсаты – қоғамда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақша сөйлесу мәдениетін арттыру және мемлекеттік тілді меңгерген адамдарды қолдау, жетістіктерін насихаттау.

Шара барысында студенттермен әртүрлі тақырыпта қазақша сұқбат жүргізілді.  Белсенділік танытқан студенттерге қазақша-орысша тілдескіштер берілді. 

Келесі шараны өткізу эстафетасы Семей қаласының тілдерді оқыту орталығына жолданды.