ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

«Тіл лагері»

Өз ұлтының тілі мен мәдениетін үйренумен қатар мемлекеттік тілді оқып жүрген жексенбілік мектеп тыңдаушыларын ынталандыру мақсатындағы ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жолдамасымен  10 этнос өкілі биыл да жазғы демалыстарын Тіл лагерінде өткізді.

Олар 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша өз ана тілдерін оқуда үздік нәтиже көрсеткен Өскемен және Зырян қалаларындағы жексенбілік мектептердің оқушылары. 2019 жылғы маусымының 24 мен шілденің 1-і аралығында «Көгілдір бұғаз» демалыс базасындағы «Балақай» лагерінің жанынан ұйымдастырылған Тіл лагерінде этнос балалары жазғы демалыстарын мемлекеттік тілді үйренумен ұштастырды.

Демалыс аясында балаларға мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасы бірнеше тақырыптық бағыттар бойынша ұйымдастырылды. Қазақ тілін оқыту курсын Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушысы Гүлнұр Құрманғалиева  жүргізді. 10 сағаттық қазақ тілін оқыту курсы барысында тілді оқытудың коммуникациялық, диалогтық, жағдаяттық әдіс-тәсілдері қолданылды.

Курс «Танысу» сабағынан басталып, тілді үйрету кезінде оқытушы дамытушылық, сергіту ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын  оятты. Ән салу, сурет салу, ой бөлісу сияқты әдіс-тәсілдерді үлкен белсенділікпен қабылдаған балалар «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен үзіндіні қойылым түрінде  көрсетті.

 

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы