ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

«Отанымыз ортақ, тіліміз түрлі, тілегіміз бір»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқының тілдері күні болып бекітілді.
Осыған орай 2019 жылғы 5 қыркүйекте ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ұлылар мекені – Семей қаласында «Отанымыз ортақ, тіліміз түрлі, тілегіміз бір» атты тілдер фестивалі ұйымдастырылды.
Биылғы тілдер мерекесі «Өзге ұлттың тілін білу - ол адамды сол халықпен тең және еркін сезінуге мүмкіндік береді» деп ұлағатты сөз қалдырған Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында, қасиетті қара шаңырақ облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасынның акті залында өтті.
Шараға облыстағы этно-мәдени бірлестіктердің, қоғамдық және жастар ұйымдарының, мекемелердің, жоғары оқу орындарының, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Бәсекеге қабілетті біріңғай казақстандық ұлтты қалыптастыру идеясына негізделген шараның мақсаты облыста тұратын барлық этностардың тілі мен мәдениетін сақтау жағдайында ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүргізуді қамтамасыз ету.
Мерекелік шара Абай атындағы облыстық драма театры әртістерінің шағын сахналық көрінісімен ашылып, бүлдіршіндердің әр ұлттың тілінде айтқан құттықтауымен жалғасты.
ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Ә. Төлемісова мерекелік шараға қатысушыларды Қазақстан халқының тілдері күнімен құттықтап, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға атсалысқан азаматтарды марапаттады.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Шығыс Қазаақстан облысының Грамотасымен ШҚ халқының мәдениеті мен тілдерін түлету мектебінің белорусь тілі оқытушысы Н.А. Кузнецова, Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі М.А. Бахатова, Бородулиха аудандық тілдерді оқыту орталығының директроы Г.Б.Ильяшева марапатталса, ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алғысхаты Күршім аудандық мәдение, спорт және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Г.Е.Абдукаримоваға, Курчатов қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы И.А.Құсмановаға, Бесқарағай аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры А.Ә.Әменоваға, Семей қалалық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Б.С.Қалиеваға тапсырылды.
Шығыс Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату – тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың мәдениетін сақтап, өз ана тілдерін оқып-үйренуі үшін барлық жағдайлар жасалған.
Облыста 14 Достық үйі бар. 115 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі жұмысын жалғастыруда. Облыстың аудан, қалаларында ұйымдастырылған этнос тілдерін оқыту үйірмелерінде 600-ден астам этнос өкілі өз ана тілдерін оқуда.
Өз ұлтының тілі мен мәдениетін үйренумен қатар мемлекеттік тілді оқып жүрген балаларды ынталандыру мақсатында жыл сайын тілдік лагерь ұйымдастырылады. Соңғы бес жылда өз ана тілдерін үйренуде үздік жетістікке жеткен 50-ден астам өзге ұлт балаларына жазғы «Тіл лагеріне» тегін жолдама берілді.
Мерекелік шара облыстың аудандары мен қалаларындағы Достық үйлері жанындағы этно-мәдени бірлестіктер көркемөнерпаздары ұжымдарының концертімен жалғасты.

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы