ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

«Жеке субъектілерге мемлекеттік тілдегі іс қағаздар жағдайы» атты Семинар-кеңес

2019 жылғы 11 қазанында Риддер қаласында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р. Төлемісованың төрағалық етуімен «Жеке субъектілерге мемлекеттік тілдегі іс қағаздар жағдайы» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңестің мақсаты іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші екендігін, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі оның қоғамдық өмірде әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуіне ерекше мән беруге жол көрсету болды.

Сондай-ақ іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқаратыны, олардың саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызының өте зор екеніне, оларға ерекше талап қойылатынына аса мән берілді.

Семинар-кеңеске Риддер қаласының тілдерді дамыту бөлімінің басшысы мен мамандары, Риддер қаласы әкімі аппаратының іс-қағаздарын жүргізу мамандары, дербес бөлім мамандары, Риддер қаласының мектеп, кітапхана қызметкерлері  мен БАҚ өкілдері қатысты.

Семинар-кеңесте Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р. Төлемісова «Мемлекеттік тілде іс жүргізу мәселелері» тақырыбындағы баяндамасымен сөз бастады.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушысы Л. Әскербекқызы «Кейбір күрделі атаулардың жаңа емле ережесімен жазылу ерекшеліктері» баяндамасымен өз ойын ортаға салды. Сондай-ақ Риддер қаласының тілдерді дамыту бөлімінің маманы, Риддер қаласы әкімі аппаратының іс-қағаздарын жүргізу мамандары, кітапхана қызметкерлері  іс қағаздарына қатысты өздерінің атқарып жатқан жұмыстары бойынша баяндамаларын оқыды.

Жиында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінде іс-қағаздарын жүргізу туралы мәселелер талқылап, ұсыныстар айтылды.