ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

«Ұлттық басылым – ұлттық тіл» облыстық байқауы өтті

Жастар жылы аясында 2019 жылғы 30 қазанда ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Өскемен қаласында жоғарғы оқу орындары мен колледждер студенттері арасында «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына арналған «Ұлттық басылым – ұлттық тіл» облыстық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл тазалығын сақтай отырып тіл мәдениетін жетілдіру.

Шараға облыстағы әр оқу орыннан 3 студенттен құралған 5 команда қатысты.

Байқау 4 кезеңнен тұрды. Бірінші «Таныстыру» кезеңінде әр команда өздерін және өздері оқып жүрген оқу орындарын таныстырды.

Екінші «Тағылымды тарих» кезеңінде команда көшбасшылары Quizizz.com бағдарламасы арқылы әзірленген сұрақтарға жауап берді. Бұл кезеңнің сұрақтары «Егемен Қазақстан» газетінің ғасырлық тарихына арналды.

Үшінші «Егемен Қазақстан болашақта...» кезіңінің тапсырмалары жаңа әліпби негізінде орындалды. Байқауға қатысушылар ноутбук арқылы экранда берілген тірек сөздерді қолдана отырып «Егемен Қазақстан» газетін болашақта қалай елестететінін ой-толғау түрінде жазды.

Байқаудың соңғы «Ұлттық басылым – ұлттық тіл» атты кезеңінде командалар «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына арналған құттықтау бейнероликтерін  көрермендер назарына ұсынды.

Командаларды бағалау кезінде қазылар алқасы тіл қолданысының тазалығына, сауаттылыққа және бейне ролик идеясының креативтілігіне баса назар аударды.

Қазылар алқасының шешімімен облыстық байқаудың Бас жүлдесін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Алтай ақпарат» командасы (Ә. Есімханов, А. Бақытжанқызы, О. Жеңіс ), 1-орынды Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Ұшқын» командасы (М. Мұратқанова, А. Муратканова, Г. Амангельдинова), 2- орынды М. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Руханият» командасы (Ә. Маратұлы, Д. Есіркеп, Д. Шаментай), 3-орынды Семей мемлекеттік медицина университетінің «Достар» командасы (А. Тастамбек, А. Алдабергенова, А. Хайратбек) иеленіп, ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ал Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Көк түрік» командасына (О. Жеңіс, Ж.Әділ, Д.Еспосын) алғысхат тапсырылды. 

 

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы