ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша шаралар кешенін қабылдады

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ауру жағдайлары жоқ.

ҚХР-мен мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде 19 990 адам (2020 жылдың 6 қаңтарынан бастап) тексерілді.

ҚХР-дан 2020 жылғы 28 қаңтар күні келгендердің арасында дене қызуы жоғары және ЖРВИ ауруының белгілері бар бір жолаушы анықталып, Нұр-сұлтан қаласындағы жұқпалы ауруханаға жатқызылды. Мекен-жайы бойынша келген медициналық ұйымдардың мониторингі бойынша жұмыс жалғасуда.

ҚХР-дан келген адамдарға қатысты республиканың медициналық ұйымдары тіркелген жері бойынша 14 күн ішінде медициналық бақылау жүргізеді.

Ауру белгілері пайда болған кезде диагностикалық емшаралар кешені жүзеге асырылатын инфекциялық стационарларға жатқызу жүргізіледі.

Атап айтқанда, эпидемиологиялық жағдай бойынша сарапшылардан тұратын Республикалық штаб құрылды.

Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары инфекциялық стационарлардың пациенттердің түсуіне, басқа стационарларда қосымша төсектерді өрістетуге дайындығын қамтамасыз етті. Сондай-ақ, медициналық қызметкерлердің теориялық және практикалық дайындығы жүргізілді.

Медициналық ұйымдарда азаймайтын Қор үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі дайындалды.

1406 call-орталығы (әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры базасында), + 7 (7172) 76-80-43 ұйымдастырылды, оған азаматтар қоңырау шалып, тәулік бойы әлемдегі коронавирус аурушаңдығы туралы, сондай-ақ аурудың алдын алу шаралары мен негізгі белгілері туралы барлық қызықтыратын ақпаратты біле алады.