ШКО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

Ономастика және терминология мәселері
Қазақстан Республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының 2015 жылғы 6 қазандағы отырысында Бекітілген терминдер. Инновация, индустрия салалары бойынша *.doc 3 Мб
2010 жылдың 2 маусымында өткен «Аударма қызметіндегі кейбір мәселелер» тақырыбындағы практикалық семинардың материалдары *.doc 192 Кб
Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 01 шешімімен бекітілген терминдер *.doc 86 Кб
Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк терминологиялық комиссияның 2000-2006 жылдары бекiткен терминдерi *.doc 3 Мб
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы *.doc 70 Кб
Ономастика мәселелеріне қажетті құжаттар жинағы *.doc 144 Кб
Облыстық елді-мекендерінің атаулары *.doc 2 Мб
Шығыс Қазақстан облысының жалпы көшелердің оның ішінде аталған және қайта аталған көшелердің тізімі *.doc 9 Мб
     

2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша қайта аталған елді мекендер мен ауылдық округтер туралы ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 34/402-IV бірлескен шешімі негізінде Бесқарағай ауданындағы Семеновка ауылы Қарабас ауылы, Семеновка ауылдық округі Қарабас ауылдық округі болып қайта аталды. Осы аудандағы Сосновка ауылы Ерназар ауылы, Сосновка ауылдық округі Ерназар ауылдық округі болып өзгертілді.
Бородулиха ауданындағы Арбузное ауылы Қарағайлы ауылы, Жарма ауданындағы Солнечное ауылы Шуақ ауылы болып қайта аталды. Көкпекті ауданындағы Новотимофеевка ауылы Сарыбел ауылы, Новотимофеевка ауылдық округі Сарыбел ауылдық округі болып қайта аталды.
Ұлан ауданының орталығы Молодежное кенті Қасым Қайсенов кенті болып өзгертілді.
Үржар ауданындағы Благодарное ауылы Келдімұрат ауылы, Благодарное ауылдық округі Келдімұрат ауылдық округі болып, осы аудандағы Ново-Андреевка ауылы Барқытбел ауылы, Ново-Андреевка ауылдық округі Барқытбел ауылдық округі болып қайта аталды.
2011 жылы облыстық ономастика комиссиясының 4 отырысы өтті. Комиссия отырыстарында жиыны 20 мәселе қаралды, ономастика мәселесі бойынша ғалымдардың 4 хабарламасы тыңдалды. 8 елді мекеннің және 5 ауылдық округтің атаулары қайта аталды. 3 мектепке жаңа атау беру бойынша оң қорытындылар шығарылды.

2009 жылы Шығыс Қазақстан облысында өзгертілген елді мекендер мен ауылдық округтер туралы ақпарат

Облыста өткен жылы ономастика саласында бірқатар жұмыстар іске асырылды. Атап айтқанда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/205ІV шешімімен Катонқарағай ауданындағы Большенарым ауылы Үлкен Нарын ауылына, Большенарым ауылдық округі Үлкен Нарын ауылдық округіне, Белое ауылы Ақсу, Язовая ауылы Жазаба, Фыкалка ауылы Бекалқа, Чаловка ауылы Талды, Верх-Катунь ауылы Ақшарбақ, Белое ауылдық округі Ақсу ауылдық округіне, Черновая ауылы Аққайнар, Чернова ауылдық округі Аққайнар ауылдық округі болып қайта аталды.
Сонымен қатар, Жарма ауданындағы Георгиевка ауылдық округі Қалбатау ауылдық округі болып өзгертілді.
Күршім ауданындағы Славянка ауылы Қайынды, Дарственное ауылы Барақ батыр, Вознесеновка ауылы Бірлік болып қайта аталды.
Сонымен, 2009 жылы 10 елді мекеннің, 4 ауылдық округтің атаулары өзгертілді. Облыстық ономастика комиссиясының 2 отырысы өтіп, онда 9 мәселе қаралды. Комиссияда құпталған 2 мәселе бойынша жинақталған құжаттар Мемлекеттік ономастика комиссиясының қарауына жолданды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2005-2007 жылдар аралығында атау берілген және қайта аталған елді мекендер, ауылдық округтер мен мектептер туралы АҚПАРАТ

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен мәслихатының 2005 жылғы 31 мамырдағы № 11/164-ІІІ бірлескен шешімі негізінде Көкпекті ауданындағы Куйбышев селолық округіңің атауы Кеңес Одағының батыры Қойгелді Аухадиевтің есімімен қайта аталды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен мәслихатының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 18/276-ІІІ бірлескен шешімі негізінде Үржар ауданындағы Қызыл Жұлдыз ауылы «Айтбай» ауылы болып, Некрасов ауылдық округі Жоғарғы Егінсу ауылдық округі болып өзгертілді.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі № 24/384-ІІІ бірлескен шешімі негізінде Аягөз ауданындағы Сергиополь ауылы Мамырсу ауылы болып, Сергиополь ауылдық округі Мамырсу ауылдық округі болып қайта аталды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 3/40-ІV бірлескен шешімі негізінде Үржар ауданындағы Аксаковка ауылы «Көлденең» ауылы болып, Аксаковка ауылдық округі «Көлденең ауылдық округі» болып қайта аталды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 3/36-ІV бірлескен шешімі негізінде Бесқарағай ауданындағы Большая Владимировка ауылы Бесқарағай ауылы болып, Большая Владимировка ауылдық округі Бесқарағай ауылдық округі болып қайта аталды.
Жарма ауданындағы Георгиевка ауылы Қалбатау ауылы болып, Васильковка ауылы Батыр Қапай ауылы болып, Новореченск ауылы Жаңаөзен ауылы болып қайта аталды.

Үржар ауданындағы Южный ауылы Жаңа тілек ауылы болып, Благодатный ауылдық округі Жаңа тілек ауылдық округі болып қайта аталды.
Ұлан ауданындағы Ленинка ауылы Сағыр ауылы болып, Завидное ауылы Айыртау ауылы болып қайта аталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы № 690 қаулысымен Семей қаласының «Жас ұлан» ерлер лицейіне ағартушы-ғалым, этнограф Шоқан Уалихановтың есімі, Ұлан ауданы Молодежный кентіндегі орта мектепке Алашорда қозғалысы жетекшілерінің бірі Райымжан Мәрсековтың есімі берілді. Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылындағы В.И. Ленин атындағы орта мектеп «Жетіарал» орта мектебі болып қайта аталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 480 қаулысымен Бородулиха ауданындағы Петропавл орта мектебіне математик-ғалым, профессор Төлеубай Амановтың есімі берілді.

Жарма ауданы Новореченск ауылындағы Чапаев атындағы орта мектеп Кеңес Одағының батыры Кенжебек Шәкеновтың есімімен қайта аталды.
Тарбағатай ауданы Ахметбұлақ ауылындағы «Қазақстанның 30 жылдығы» атындағы орта мектеп Дінмұхамед Қонаевтың есімімен қайта аталды. Құйған ауылындағы «Қазақстанның 40» жылдығы атындағы орта мектеп Құйған орта мектебі болып өзгертілді. Ақжар ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне спорт шебері Бақытқан Сайхановтың есімі берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 тамыздағы № 753 қаулысы негізінде Аягөз ауданы Баршатас ауылындағы № 1 орта мектепке Оспанқұл Меңаяқұлының есімі берілді. Тарбағатай ауылындағы «Октябрь» орта мектебі «Тарбағатай» орта мектебі болып қайта аталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 944 қаулысының негізінде Ақшоқы ауылындағы Ақшоқы орта мектебіне тіл маманы-лингвист, профессор Тұрағұл Қоңырдың есімі, Абай ауданындағы балалардың өнер-саз мектебіне әнші-композитор Жәнібек Кәрменовтың есімі берілді. Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы С.М. Киров атындағы орта мектеп Бозанбай орта мектебі болып, Асұбулақ кентіндегі Ленин атындағы орта мектеп Асубұлақ орта мектебі болып қайта аталды.

 

Парақтар өзгертілді: 28-03-2016