ШКО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

Аумақтың даму бағдарламасы

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік тіл саясаты саласындағы 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы

2.2.2.6 Тілдерді дамыту

Өңірдегі мемлекеттік тіл саясаты саласындағы даму ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға, мемлекеттік тіл саясатын тиімді ақпараттық қолдауға, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуды қалыптастырға бағытталған.   
Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың басқа санаттарына мемлекеттік тілді оқыту мақсатында Өскемен, Риддер, Курчатов, қалаларында жән жұмыс істеп отырған орталықтарда мемлекеттік органдардың 1081, 1485 мемлекеттік емес мекемелердің 2566 тыңдаушысы мемлекеттік тілді үйренуде. Сонымен бірге мектептер мен басқа да мекемелердегі үйірмелерде 30 мыңнан астам тыңдаушы қазақ тілін оқытумен қамтылған. Сондай-ақ 22 мемлекеттік емес орталықтарда 6 мыңнан астам тыңдаушылар мемлекеттік тілді оқып үйренуде.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясының шешіміне сәйкес облыстың елді мекендеріндегі 329 жалпы білім беретін мектептерде 6370 тыңдаушы 570 үйірмеге қамтылған.
Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде оқушылардың 58% мемлекеттік тілде оқуда. 59 балабақшада тәрбиеленушілердің 20% қазақ тілінде тәрбиеленуде. Бүгінгі таңда облыс бойынша мектептер мен арнай және жоғары оқу орындарын қоса есептегенде мемлекеттік тілді оқыту үдерісімен 320 мыңнан астам тыңдаушы қамтылған.

Оқыту сапасын арттыру мақсатында ересектерге аналған оқу құралдары, 1-деңгейді оқытатын электронды оқулық, салалық сөздіктер (қаржы, мәдениет, спорт, кеден, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары т.б.), үйірме жетекшілеріне арналған мәтіндер жинағы, тыңдаушылардың жұмыс дәптерлері жасалып, бекітілген.
Тіл саясатын насихаттау бойынша ақпараттық орталық қызметін атқаратын мемлекеттік органдардың сайттары жұмыс істеуде.
БАҚ-тарда мемлекеттік тіл саясаты бойынша жарияланған материалдар: 2010 жылы -423, 2011 жылы-560, алғашқы кезеңмен салыстырғанда өсу 13,9%-ды құрайды.
Егер 2010 жылы облыста 28 (14,8%) газеттер қазақ тілінде, 64 (33,8%) орыс тілінде, 79 (41,8%) екі тілде шықса 2011 жылы қазақ тіліндегі баспа БАҚ 30 (20,1%), орыс тілінде 52 (34,8%), екі тілде 59 (39,6%) болды.
19 аудан мен қалада және 19 облыстық басқармаларда іс жүргізу мемлекеттік тілге көшірілген. Мәселен, 2010 жылы мемлекеттік тілді қолданудың үлес салмағы 88,2% болса, 2011 жылдың соңында 90,9% жетті.
Мақсаты түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде барлық оқыту орталықтарының мәліметтері бойынша қазақ тілін меңгерудің деңгейі 69%-ды құрады. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармаларда бұл көрсеткіш 61%, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын департаменттерде 59,2% құрады.

Дегенмен,  қол жеткен жетістіктерге қарамастан қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілдің әлеуетін іске асыру деңгейі жеткіліксіз болуда. Қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің арасында мемлекетік тілді өз қызметін атқаруға қажет деңгейде білетін мамандар аз. Мемлекеттік тілде оқытатын мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерге деген қажеттілік бар. Сонымен бірге мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі  орталықтар мен үйірмелер жүйесін кеңейту де қажет.
Өңірдің қоғамдық өмірінің барлық негізгі салаларында тіл құрылысы үдерісін одан әрі кеңейту мен тереңдетудің алғы шарттары жасалған. Бұл тұтастай алғанда    мемлекеттік органдар мен ұйымдардың және жұртшылықты жұмылдырып, үйлестірудің нәтижесі болды. Тілдік құрылыстың оңтайлы үдерісі облыс өмірінің барынша әлеуметтік маңызды аспектілерінің бірі болып табылады, өйткені ол қоғамдағы азаматтық келісімді нығайтуға одан әрі топтастыруға ықпал етеді, солайша этнолингвистикалық және мәдени қажеттілікті толық іске асыруды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органдардың оңтайлы қызметтік-лингвистикалық кеңістікті жасау бойынша іс-әрекеті бірнеше үрдістермен байланысты.
Біріншіден, өңір дамуының жаңа кезеңінде тілдерді дамыту салаларында жаңа жағдайларды табу мәселелерін қажет етеді. Бірінші кезекте әрі қарайғы тұрақты дамуда облыс тұрғындарын  ұлт алдында тұрған стратегиялық міндеттерді тұтастай ұға білуге негізделген топтастыру қажет.

Екіншіден, Қазақстанның әлемдік саяси-экономикалық жүйедегі рөлін өзгерту үшін қоғамдық өмірің барлық салаларында оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет.
Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қоғамдық өмірдің барлық салаларында орыс тілі ресми түрде мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады. Орыс тілінің жалпы мәдени қызметі сақталуда және дамуда.  Сонымен бірге ағылшын тілін үйрену үшін жағдайлар жасалуда. Егер 2010 жылы 22 жекеменшік орталықтарда 893 тыңдаушы болса, 2011 жылы 59 топта 1164 тыңдаушы ағғылшын тіліен үйренуде.
90 оралман қазақ әліпбиі мен орыс тілін үйренуде. 257 оралман тұрғылықты жерлері бойынша қала және аудандарда оқуға тартылған.
80 этномәдени бірлестіктер жанында этнос тілдерін және басқа тілдерді үйрену үшін жексенбілік мектептер мен үйірмелер құрылған. 2011 жылы 61 топта 1054 тыңдаушы ана тілдерін үйренуде.
Ұлттық мәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептер: Достық үйлеріндегі 9 жексенбілік мектептер мен 1 ұлттық қайта өрлеу мектебінде облыста тұратын 15 этностардың ана тілдері оқытылуда.
Жоспарланған кезеңде қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қызмет ету деңгейін кеңейту қажет болып отыр.

6 мақсат: Мемлекеттік тілді және тұрғындардың лингвистикалық капиталын дамыту

Атауы өлшем бірлігі жоспары кезең
2011 2012 2013 2014 2015
Негізгі бағыт:Қазақстан халқын топтастырудың маңызды факторы ретінде төзімді тілдік орта жасау
Мақсат: Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
 1.1- міндет Мемлекеттік тілдің дамуы мен қызмет етуін қамтамсыз ету
Мақсатты индикаторлар:
Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі % 70,5 72,0 74,0 75,0 76,0
Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі % 2,0 2,2 2,6 3,1 3,2
1 міндет Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және топтастырушылық қызметін кеңейту
1.2-міндет. Қоғамдық өмірдегі мемлекеттік тілдің рөлін арттыру
Мемлекттік органдардың жалпы құжат айналымындағы іс жүргізуде мемлекеттік тілдің үлес салмағы % 80,0 91,0 92,0 93,0 94,0
Қоғамдық өмірдің негізге салаларындағы мемлекеттік тілдің қажеттілік деңгейі % 55,0 58,0 61,0 62,0 64,0
Көрнекі ақпарат пен деректемелерді «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қащзақстан Республикасы Заңына сәйкес ресімдеу деңгейі % 55,0 58,0 60,0 63,0 65,0

Қол жеткізу жолдары:

  1. Тілдерді дамыту мен қолданудың 20111-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдегі рөлі мен беделін арттыруға мүмкіндік береді. Азаматтардың барлық санаттарына мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді оқытуды ұйымдастыру оқыту әдістемесін жетілдіруге, сапасын артыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің нақты жолының бірі телерадиохабарларын тарататын арналар бойынша хабарлардың көлемін және мемлекеттік тілдегі басылымдардың санын арттыру болып табылады. Ұлтаралық тұрақтылықты одан әрі нығайту және қоғамды топтастыруға өткізілетін мәдени-көпшілік шаралар және қоғамдық-саяси шаралар бағытталатын болады. Тіл саясаты бойынша мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу тілдік үдерісті тиісті деңгейде басқаруға мүмкіндік береді.
  2. Мемлекттік органдардың жалпы құжат айналымындағы іс жүргізуде мемлекеттік тілдің үлес салмағына мониторинг жүргізу және мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлес салмағын 98%-ға жеткізуге мүмкіндік береді.

 Көрнекі ақпарат пен жарнамаларды тіл заңнамалары талаптарына сәйкестендіруде рейдтер жүргізу әрекетті шаралардың бірі болып табылады. Бұл шаралар көрнекі ақпараттың дұрыс ресімделуін жедел бақылауға мүмкіндік береді.

2- міндет Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау

2.1- міндет Тілдердің үштұғырлылығы қағидасын іске асыру
Орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі   88,0 88,5 89,0 89,5 90,0
Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі % 2,0 2,2 2,6 3,1 3,2
 2.2-міндет   Қазақстан халқының тілдерін саққтау және дамыту
Ұлттық мәдени бірлестіктер жанындағы курстарда ана тілін үйренуге тартылған этнос өкілдерінің үлесі % 20,0 21,0 22,0 23,0 24,0

Қол жеткізу жолдары:

1. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтауға бағытталған жұмыстар жалғастырылады, нәтижесінде орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі артатын болады. Бұл мақсаттар конкурстар мен байқаулар, фестивальдар және басқа да мәдени-көпшілік шараларды өткізу арқылы қол жеткізіледі.
2. Мемлекеттік органдар мен мекемелерде, ұйымдарда облыстың кәсіпорындарында және жексенбілік мектептер жүйесінде ағылшын тілін үйрету курстарын ұйымдастыру ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
3. Облыста тұратын этнос өкілдерінің ана тілін жексенбілік мектептерде, үйірмелерде ұйымдастыру ана тілдерін үйренушілердің үлесін арттырады. Этностардың ана тілдерін сақтау және дамыту мақсатында конкурстар, «дөңгелек үстел» отырыстарын және басқа да мәдени-көпшілік шаралар өткізу жоспарланған.

 

Парақтар өзгертілді: 26-11-2015