ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

Кадрлы амтамасыз ету

Абижанова Зарина МуратовнаШығыс қазақстан облысы әкімінің аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі - Абижанова Зарина Мұратқызы

Білімі - жоғары, юриспруденция саласы бойынша Шығыс Қазақстан облысының С.Аманжолов атындағы мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек қызметін 2013 жылдан Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты заң бөлімінің заң кеңесшісі ретінде, Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бас маманы-заңгері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Тәртіптік әкімшілік практика және мемлекеттік қызмет көрсету (Тәртіптік кеңес хатшылығы) бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас маманы, 2017 жылдың қыркүйегінен бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілетті қызметкері лауазымына тағайындалды.

kn   Мемлекеттік қызметшілерді және басқа азаматтарды қабылдау: апта сайын сейсенбі күндері сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.

Лауазымдық міндеттері
Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді, мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды, мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді, заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді, қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.

kn  Азаматтарды қабылдау: апта сайын сейсенбі күндері сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.

kn  Мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070019, Өскемен қ., М.Горького, 40 к.
Телефоны: 8-7232-71-31-78
E - mail: z.abizhanova@akimvko.gov.kz

 

Мемлекеттік қызметтің имиджі

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру жөніндегі мәлімет

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі кәсіби мемлекетті құру болып белгіленген. Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған кәсіби жоғары мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптілігіне негізделеді. Президент Н.Назарбаев елді тиімді басқаруы үшін мемлекеттік қызметшіде болуға тиісті негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Бұл – моралдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақ ниеттілік, белсенді өміршеңді ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс. 

Бұл мәселеде маңызды қадамдардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту.

Мемлекеттік қызметші келесі этикалық нормаларды басшылыққа алуы тиіс
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 6 қарашада өткен «Нұр Отан» ХДП-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзінен.

1. Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек.
2. Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекеттік игілігіне жұмыс істеу, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек.
3. Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресін?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім сарайлары мен оны қоршаған дауалдар және қымбат шетелдік маркалы көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек.
4. Мемлекеттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек.
5. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек.
6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек.
7. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғаның өзі орындай білуі керек.
8. Егер мемлекеттік мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.

 

Парақтар өзгертілді: 30-01-2018