ШКО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресми сайты

Кадрлы амтамасыз ету

Бос орындар

2016 жылдың 15 қаңтарына әкімшілік мемлекеттік лауазымға бос орын жоқ

 

Комиссия отырысының шешімі:

Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің бас маманы лауазымына Бағлан Париолдақызы Тауанова ұсынылды.

 

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер:

  1. Мейрбаев Ельдар Токтасынович
  2. Тауанова Бағлан Париолдақызы

 

2015 жылдың 25 қыркүйекке бір бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орын бар

«ШҚО тiлдердi дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, Өскемен қаласы, Қ. Қайсенов көшесі, 121-үй, анықтама телефондары: (7232) 705-987, 705-993 бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бөлімінің бас маманы  (Д-О-4), лауазымдық жалақысы  қызмет өтіліне байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.

Функционалдық мiндеттерi: Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдарындағы тілдік даму мәселелеріне мониторинг жүргізіп, үйлестіреді;
бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады;
жарияланған материалдар мен телеарналарда шыққан хабарларға тұрақты мониторинг жүргізіп, талдау жасайды;
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  талаптарына сәйкестігін қадағалап, кемшіліктерді жою шараларын ұйымдастырады;
бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің арасында «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» конкурсын дайындап, өткізеді;
мемлекеттік бағдарламаның тілдерді дамыту саласындағы іс-шараларын іске асыруға бағытталған семинар-кеңестер, конкурстар, дөңгелек үстелдер, олимпиадалар, фестивальдарды ұйымдастырады және өткізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі - жоғары, филологиялық, гуманитарлық. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі филологиялық, гуманитарлық білімі барларға рұқсат етіледі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын ортақ талаптар: тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аннннықтайтын тестілеу бағдарлымысына сәйкес Қазақстан Республикасының  заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050»  Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiк төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекiтiлген «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және байкау комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» байқау өткізу ережелерi негізінде жүргiзiледi.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. өкілетті орган белгілеген нысандағы толтырылған өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі фотосурет пен өкілетті орган белгіліген нысанда толтырылған сауалнама;
  3. білімі туралы құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтик-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасының  азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
  7. Құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгілеген шекті мәннен төмен емес нәтіжемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттар сұхбаттасуға жіберілгені туралы хабарланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында әңгімелесуден өтеді.
Кокурсқа қатысуға кететін шығындарды (конкурс өткізілетін жерге келу, қайту, тұратын жер  және басқасы) азаматтар өз есебінен төлейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін  оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің iшiнде мына мекенжайда: ШҚО, Өскемен қаласы, Қ. Қайсенов көшесі, 121 (2 қабат) тапсырылуы қажет. Анықтама телефоны: 705-987

Бос лауазымға орналасу бойынша конкурсқа қатысу үшін құжат тапсырған конкурсқа қатысушылар жоқ.

 

2015 жылдың 5 ақпанына бір бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орын бар

«ШҚО тiлдердi дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, Өскемен қаласы, Қ. Қайсенов көшесі, 121-үй,  2 қабат, анықтама телефондары: (7232) 705-987, 705-993 бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бөлімінің бас маманы  (Д-О-4 санаты), 1 бірлік, (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне), лауазымдық жалақысы  қызмет өтіліне байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.

Функционалдық мiндеттерi:
Денсаулық сақтау мен халыққа қызмет көрсету салаларындағы тілдік даму мәселелеріне мониторинг жүргізіп, үйлестіреді. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда шығармашылық одақтармен, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен тұрақты байланысты жүзеге асырады; мемлекеттік бағдарламаның тілдерді дамыту саласындағы іс-шараларын іске асыруға бағытталған семинар-кеңестер, конкурстар, дөңгелек үстелдер, олимпиадалар, фестивальдарды ұйымдастырады және өткізеді; ұлттық-мәдени орталықтарға Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындауға практикалық және әдістемелік көмектер көрсетеді; жексенбілік мектептердегі мемлекеттік тілді үйрету үйірмелерінің жұмыстарын бақылап, оқыту орталықтары арқылы әдістемелік көмек беруді ұйымдастырады;
облыс аудандары мен қалаларында және облыстық басқармалардағы мемлекеттік тілдегі мерзімдік басылымдарға жазылуды үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - жоғары, филологиялық, гуманитарлық. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі филологиялық, гуманитарлық білімі барларға рұқсат етіледі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурс
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiк төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекiтiлген «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және байкау комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» байқау өткізу ережелерi негізінде жүргiзiледi.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. өкілетті орган белгілеген нысандағы толтырылған өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі фотосурет пен өкілетті орган белгіліген нысанда толтырылған сауалнама;
  3. білімі туралы құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтик-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасының  азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
  7. Құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгілеген шекті мәннен төмен емес нәтіжемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат, немесе нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттар сұхбаттасуға жіберілгені туралы хабарланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында әңгімелесуден өтеді.
Конкурсқа қатысуға кететін шығындарды (конкурс өткізілетін жерге келу, қайту, тұратын жер  және басқасы) азаматтар өз есебінен төлейді.
Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің iшiнде мына мекенжайда: ШҚО, Өскемен қаласы, Қ. Қайсенов көшесі, 121 (2 қабат) тапсырылуы қажет. Анықтама телефоны: 705-987

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығын мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіптеаккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкімет емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

 

Парақтар өзгертілді: 14-01-2016